Саясат • 16 Маусым, 2020

Н.Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Н.Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӨКІМІ

Нұр-Сұлтан қаласы, Парламент Мәжілісі, №41

 

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының

бірлескен отырысын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 22 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.НЫҒМАТУЛИН