Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті МИ-8 тікұшағымен сөндіріп жатыр

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы қатты-тұрмыстық қалдықтардың қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге көлемі 3 тоннаны құрайтын су тасымалдағыш құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті МИ-8 тікұшағымен сөндіріп жатыр

"Өрт түні бойы сөндірілді, қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 бірлік техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 самосвал жұмыс істеп жатыр. Өрт алаңы 3 Га, қоқыс тастайтын жердің жалпы ауданы 38 Га құрайды. Өрт орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылды", - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, қазір жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, қоқыс полигонынан өрт шыққаны туралы хабар Алматы облысы ТЖД-не 10 маусым күні сағат 14.26-да келіп түскен еді.