
Үш қабат деп жоспарланып жатқан медресенің құрылысы бірінші қабатта жүріп жатыр. Медресе 50 ер балаларға арналған. Мұнда жеткіншектер Құран оқуды үйреніп, түрлі ислами негіздегі ілімдерді тегін алатын болады. Осыған орай, 30-40 қыз-келіншектен құралған топ қыздары осы құрылыстың жүруіне өз үлестерін қосты.