Қоғам • Бүгін, 08:40

Әлем чемпионына – пәтер мен автокөлік

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали мен оның жеке бапкері Ғабиден Райымбекпен кездесті.

Әлем чемпионына – пәтер мен автокөлік

Күрестің осы түрінен ширек ғасырда елі­мізге алғашқы алтынды әкелген әлем чемпио­нын жеңісімен құттықтауға арналған жиынға облыстың зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, спорт саласының ардагерлері қатысты. Аймақ басшысы Айдос­тың жеңісі барша еліміздің мәр­тебесін арттырғанын атап өтті.

– Айдос Сұлтанғалиұлы Хорватия астанасы Загреб қала­сында өткен ересектер ара­сындағы әлем чемпионатында қазақ спорты тарихындағы теңдессіз жетістікке қол жет­кізді. Грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтынын елімізге соңғы рет 1999 жылы Грекияның Афина қаласында өткен дүбірлі додада 63 келі салмақта белдескен Мхитар Манукян алып келген екен. Ширек ғасырдан кейін осы жетістікті қайталап, жеңістің ең биік тұғырына көтерілген чемпионымызды Мемлекет басшысы арнайы құттықтап, «Айдос – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз», деп жоғары бағалады. Бұл жеңіс – жас балуандарымызға үлгі-өнеге, еліміздің спортына серпін бе­ретін тамаша табыс. Айдос бауырымыздың жеңісіне бапкері Ғабиден Райымбекұлының сіңірген еңбегі зор. Ол тек спортшыны емес, мақсатынан айнымайтын мықты азаматты тәрбиелеп шығарды. Шәкіртінің әрбір жеңі­сі – бапкерінің маң­дай терінің жемісі. Қос батыры­мызға қандай құрмет көрсетсек те лайықты. Айдосқа бұған дейін де мемлекет, облыс тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Өткен жылы еліміздің, өңіріміздің жанашыр азаматы Бақдәулет Еркінбекұлының демеушілігімен автокөлік табыс етілді. Бұдан бөлек, ай сайын 1 млн теңге мемлекеттік стипендия беріледі. Бұл қол­дау әрі қарай жалғасады. Бүгін­гі мерейлі сәтте барша Сыр жұртшылығының атынан Ай­досқа жаңа автокөлік пен пәтер кілттерін табыстап, бапкері Ғабиденге де жаңа пәтер беру туралы шешім қабылдадық, – деді облыс басшысы.

Басқосуда грек-рим күресі­нен еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғабиден Райымбек пен әлем чемпио­ны Айдос Сұлтанғалиұлы өздеріне көрсетілген құрметке ризашылық білдірді.

 

ҚЫЗЫЛОРДА