03 Сәуір, 2010

ЕЛДІҢ БЕРІК ДІҢГЕГІ

585 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жолдаудың ғылымға қатысты бөлігі, атап айтқанда Астанадан ашылатын жаңа халықаралық уни­верситет жанынан 3 ғылыми орта­лық, сонымен қатар ғылымға ар­налған қор, интеллектуалды мек­теп­тер ашу мәселесі жас ғалым­дар­ды жігерлендірді. Атал­ған зерт­ханаларда жастар ХХІ ғасырдың жаңа он жылдығында теңдессіз ғылыми-инновациялық ашылулар жасайтындығына се­нім мол. Қа­зіргі таңда мем­лекеттік білім жүйе­сі еуропалық стандарт не­гізінде үш сатылы білім беру үрдісіне жемісті қадам басып, ба­калавр – магистратура – Ph.D докторантура арқылы ізденімпаз жас ғалымдар әлемнің ең үздік жоғары оқу орындары мен ха­лықаралық зерттеу орта­лықтарын­да ғылыммен айна­лы­суға мүмкін­дік алды. Осындай Ph.D док­то­рантурасының орта­лы­ғы санала­тын әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситеті халықаралық дәрежедегі үздік университеттер қатарынан саналатын Ұлыбрита­ния­дағы Мид­длсек университеті, Данди­дің шотландық универ­си­теті, Ұлыбританиядағы Ньюкастл информатика зертханасы, Герма­ния­дағы Брауншвайг жылу тех­никасы мен жану заттары инсти­туты, Гейдельберг университеті, Шығыс Еуропа құқық инсти­туты, Испаниядағы Валенсия поли­техникалық университеті, Фран­циядағы газ және плазма фи­зи­ка­сы зертханасы, Түр­кияның Ход­жат­теп университеті, АҚШ-тың Гальвестон қаласында орналасқан  Техас университеті, Пит­тсбург уни­­вер­ситеті, Вашинг­тон қала­сын­дағы Америка уни­верситеті, Нью-Иорк қаласын­дағы Колум­бия университет­тері­мен, т.б. ғылыми-инновациялық лабора­то­рия­лармен әлемдік ха­лықаралық ғылыми байланыстар орнатса, соның нә­тижесінде халықаралық деңгейде докторлық қорғаған жаңа заман ғалымдары қатарында мен де бармын 2008-2009 оқу жылында Ph.D док­тор­лық бағдарламасымен Түркия­ның Мимар Синан атын­дағы көр­кемөнер және мәдениет уни­верситетінің докторанты атан­дым. Іс-сапарға аттанар алдында ғалым Б.Көмековке жолығып, жаңалығыммен бөліскен сәтімде, ол кісі өзінің кеңестік кезеңде Ыстамбұлдағы кітапханаға баруға бір­неше мәрте сұранғандығын, алайда орталық өтінішті қабыл ал­мағанын өкінішпен айтты. Бүгінгі ғылымға бет бұрған жас­тарға он­дай тосқауыл жоқ. Жол ашық. Мем­лекет Ph.D докторлық бағ­дар­ламаға қомақты қаражат бөліп отыр. Шет елге шығу, кі­тап­ханаға бару, ин­тернетті қол­дану, кітап сатып алу қаража­тына дейін Үкі­мет көтереді. Бұл Елбасымыздың ғы­лым­ға салып жатқан зор инвес­ти­циясы. Биылғы Жолдаудағы ғы­лым мәселелері менің ертеңгі күнгі сенімімді асқақтатты. Елба­сының білім саласындағы сали­қалы реформаларының арқасын­да Тәуелсіз еліміз халықаралық білім интеграциясына аяқ басып, нә­тижесінде сан мыңдаған да­рынды жастар ғылым мен бі­лімде таным көкжиегін кеңей­туде. Өткен онжылдыққа көз тігіп, баға берер болсақ, еліміздің дамуы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы­ның есімімен тығыз байланысты екені анық. Иә, Елбасының ма­ңыз­ды шешімдері, орнықты ре­формалары, кемелді жобалары көне түркілердің ата жұрты – Қазақстанды әлемнің төрткүл дүниесіне танытып келеді. Олай болса, жаңа Жолдау табысты, ал жаңа онжылдыққа аттаған Қазақ­стан­ның қадамы мықты болары сөзсіз. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің Ph.D докторанты.