— Заң зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейту мақсатында әзірленді және бірқатар шара қабылдауды қарастырады, — делінген хабарламада.
Соның ішінде:
— көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған шығармаларды авторлардың рұқсатынсыз және оларға сыйақы төлемей-ақ көпшілік алдында орындауына, таратуына, жалпыға жеткізуіне мүмкіндік беру;
— тауар белгілерін тездетіп тіркеуді енгізу. Қазір тіркеу 7 ай ішінде жүргізіледі. Заң ақылы түрде тіркеу тетігін енгізуде, соның нәтижесінде уақыт 4 айға дейін қысқарады. Бұл тауар белгілерінің иелеріне өз тауарларын нарыққа тезірек шығаруына жағдай жасайды;
— тауар белгісін тіркеуге қатысты шағымдану мерзімін ұлғайту. Қазіргі уақытта шағымдану мерзімі — 1 ай. Заң бұл мерзімді 2 айға ұлғайтпақ.
— авторлар мен құқық иелерінің шағымы бойынша авторлық және сабақтас құқық объектілерін қолдануды әділет органдарының жоспардан тыс тексеруі арқылы мемлекеттік бақылау енгізу көзделген;
— ұжымдық құқықтық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформа енгізілмек.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.