Спорт • 11 Сәуір, 2020

Футболдан Англия чемпионаты төрт аптада аяқталуға тиіс

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англия Премьер-лигасы мен айтулы мемлекеттің футбол қауымдастығы ортақ мәмілеге келді. Сол келісімге сай ел чемпионаты жаз айларындағы бас-аяғы төрт апта мерзімде аяқталуға тиіс.

Футболдан Англия чемпионаты төрт аптада аяқталуға тиіс

Football London басылымы таратқан мәліметтерге сенсек, бұл бәсекелер шілде айында басталып, тамызда мәреге жетуге тиіс. Алайда матчтар көрерменсіз өтеді.  Осындай қолайсыздыққа қарамастан Англия Премьер-лигасында өнер көрсететін командалардың басым көпшілігі жоғарыдағы талаптарға мойынұсынып отыр. Олар биылғы жылғы Англия чемпионаты қалай да аяқталуға тиіс деп есептейді.

Қазіргі кезде Премьер-лигада «Ливерпуль» қарсыластарынан қара үзіп кетті. 19 кездесуден кейін олар 82 ұпай жиып отыр. Енді Юрген Клоптың командасын ешкімнің қуап жете алмасы анық. Екінші орындағы «Манчестер Сити» 57 ұпай жиды. Үшінші орынға «Лестер» табан тіреп тұр. Олардың еншісінде – 53 ұпай.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше