Қазақстан • 11 Наурыз, 2020

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында - Берік Уәли

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында - Берік Уәли

«Қытайда сотталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды елімізге қайтару мәселесі бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында тағы да талқыланып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақында елімізге сапармен келген Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі Ян Цзечимен әңгімелесу барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтергенін айта кеткен жөн. Қазақстан Президенті былтырғы қыркүйек айында Бейжіңге жасаған сапарында ҚХР басшылығын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарап, оны Қазақстанға қайтару мәселесіне ықпал етуге шақырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарына қытайлық әріптестерімен өзара іс-қимылдарды жалғастыруды тапсырды. Бұл іс Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында» деп жазды Берік Уәли. 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025