Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында заңсыз жүрген 92 шетелдік ұсталды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел көлемінде өтіп жатқан «Құқық тәртібі» арнайы шарасының нәтижесінде Алматы облысының аумағында көші-қон ережесін өрескел бұзған адамдар анықталды. Олардың қатарында 92 шетел азаматы бар.

Алматы облысында заңсыз жүрген 92 шетелдік ұсталды

- Қазіргі күні еліміздің миграция заңына қайшы әрекет жасаған шетел азаматтарының кінәсі дәлелденді. Жеке басын куәлендіретін құжаты жоқ 34 адам арнайы ұстау орынына қамалды, 11 адам мемлекеттік шекарадан шығарылды. Жалпы, «Құқық тәртібі» арнайы шарасының аясында облыс аумағында құжат тәртібін бұзған сегіз Эфиопия мен Сомали елінің азаматы, 2 түркиялық және 29 өзбекстандық анықталды, - деді облыстық Полиция департаментінің өкілі Серік Үпиев.

Айтпақшы, биыл Жетісуға заңсыз жолмен келген 1157 сырт ел азаматының жүріп-тұруына шектеу қойылған екен. Сондай-ақ виза ережесін бұзған 9,5 мың шетелдік анықталыпты. Жалпы, Алматы облысына келетін шетелдіктер ағыны жылдан жылға көбейіп отыр. Биыл бұл көрсеткіш бұрнағыдан 10,2 процентке өсіп, келушілер саны 251 752 адамға жетіпті.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20