19 Наурыз, 2010

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫ ҚОРҒАЛАДЫ

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас прокуратураның ұйымдас­тыруымен кәсіпкерлерді бақы­лаушы-қадағалаушы органдардың олардың қызметіне заңсыз ара­ла­суынан қорғау мәселелері бой­ынша дөңгелек үстел болып өтті. Оның жұмысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, Пар­ла­мент депутаттары, Премьер-Ми­нистр Кеңсесінің және Бас про­куратураның басшылары, “Нұр Отан” ХДП мүшелері, өзге де ми­нистрліктер мен ведом­стволар­дың қызметкерлері қатысты. “Ата­мекен”  одағының және Қа­зақстан кәсіпкерлері форумының жетекшілері болды. Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлік бел­сенділікті арттыруға бөгет болып отырған әкімшілік кедергілер, сондай-ақ жемқорлықтың көрі­ніс­теріне қарсы тұру және осы саладағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы алға қой­ған экономикалық саясатқа сәй­кес, кәсіпкерлердің заңды қыз­мет­теріне кедергі келтіру және негізсіз шектеу жағдайларына жол бермеу бойынша мемлекеттік ор­гандардың нақты шаралар қол­данып отырғаны атап көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қа­лып­тастыру және бизнес өкілдерін мемлекеттік органдардың заңсыз тексерулерінен қорғау бойынша одан әрі бірлескен шаралар қабылдау қажеттігі туындап отыр. Бас прокуратураның Құқық­тық статистика және арнайы ес­еп­ке алу жөніндегі комитеті, “Ата­мекен” одағы және “Қа­зақ­стан кәсіпкерлерінің форумы”  арасында кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморан­думға қол қойылды. “Егемен ақпарат”.
Соңғы жаңалықтар