Әлем • 07 Маусым, 2019

Парламентшілер НАТО Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты

905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты мен Мәжілісінің Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеттерінің депутаттары Н.Нұрсипатов пен Е.Бектұрғанов Братиславада өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Парламентшілер НАТО Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты

Парламентшілер Альянстың Ресеймен қатынасын, Альянс пен Еуразиялық Одақтың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының келешегін, киберқауіпсіздік, цифрлық нарықтар, терроризммен күрес, Ауғанстан мен Иракты қалпына келтіру, ядролық қаруды таратпау мәселелерін талқылады.

Қазақстандық депутаттар құрамында «Словакия-Қазақстан» достық тобының басшысы П.Марчек, Қорғаныс және қауіпсіздік, білім, ғылым, жастар және спорт комитеттерінің төрағалары А.Хрнко мен Л.Петрак бар Словакия Республикасы Ұлттық кеңесінің делегациясымен кездесті. Кездесу аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықты, парламентаралық үнқатысуды одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, халықаралық жағдай туралы пікір алмасты.

Парламентшілер сол күні Славин мемориалында, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Братиславаны жаудан азат етуде қаза болған Кеңес әскері жауынгерінің құрметіне орнатылған ескерткіште болды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25