Спорт • Бүгін, 00:13

Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Финалда ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давиде Ди Веролиді (Италия) 15:14 есебімен жеңді. 

Отандасымыздың жекпе-жектер нәтижесі мынадай:

1/32 айналым: Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) 15:14

1/16 айналым: Давид Надь (Мажарстан) 15:13

1/8 айналым: Акира Комата (Жапония) 15:11

1/4 кезең: Никита Жулинский (Қазақстан) 15:14

Жартылай финал: Тристан Тюлен (Нидерланд) 15:9

Сонымен қатар бұл жарыста алғаш рет Ұлттық құраманың 4 спортшысы – Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов пен Александр Федотов ТОП-16 қатарына кірді. Хайденхаймдағы кезеңде 44 мемлекеттің 373 үздік семсерлесу шебері күш сынасып жатыр.

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Айта кетейік, 2025 жылы Тбилиси (Грузия) қаласында өткен семсерлесуден әлем чемпионатында Ұлттық құрама тарихи жетістікке жеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар