17 Наурыз, 2010

“АЙША БИБІ ­– ШОҢ ҚАҚПАДАҒЫ” АЙҚАЙ

680 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
немесе қазақ-қырғыз халықаралық базарын салуға не кедергі? Қырғыз елімен кең ауқымда тиімді сауда-эко­номикалық әр­іптестік жасау Жамбыл об­лысы сыртқы экономикалық страте­гия­сы­ның басты бағыттарының бірі. Ол екі ел ара­сын­дағы тауар ай­на­лымынан да анық бай­қалуда. Мы­салы, екі ел арасындағы тауар ай­налымы өткен жылдың қаңтар-жел­тоқсан айл­а­рында 148,6 млн. АҚШ долларын құраған. Бүгінде Қырғыз елі мен Жам­был облысы шаруашылық субьек­тілері арасындағы ин­те­гра­циялық байланыстардың даму қарқыны да жаман емес. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына об­лыста Қырғызстан капиталын тарту арқылы тіркелген 19 бірлескен кәсіпорын бар. Ел Үкіметі екі ел арасындағы алыс-беріс пен барыс-келісті дамыту мақсатында осыдан төрт жыл бұрын “Айша бибі-Шоң Қақпа” және “Ауқатты Кең-Бұлұн” шекаралық әріптестік жөніндегі халықаралық орталығын (базар – К.С.) құру жөнінде қаулы қабыл­даған болатын. “Айша бибі-Шоң Қақпа” жо­ба­сының операторлары болып “Оңтүстік” ӘКК мен Жам­был облысының әкімдігі, ал қыр­ғыздар жағынан Талас облысының әкім­шілігі мен “Таласресурсы” МКК белгіленген. Жамбыл облысының әкімдігі халықаралық орталықты құру үшін құрылыс салынатын шекаралық аумақтан 49 жылға 5 гектар жер бөлді. Бүгінде ол жердің құнарлы қабаты алынып, шағал тас төселді. Базар аумағын қоршау үшін құрылыс блоктары сатып алын­ды. Ауыл шаруашылығы жерінің өтемақысы үшін 6605 мың теңге төлеу мәселесі де шешімін тапты. Бірақ қазіргі кезде “Айша бибі- Шоң Қақпа” халықаралық орта­лығы құрылысы қаржының жоқтығынан тоқтап тұр. Жамбыл ауданындағы “Айша бибі-Шоң Қақпа” мен Қордай ауданындағы “Ауқатты-Кең-Бұлұн” халықаралық орталығының құ­ры­лысын жеделдету үшін Жамбыл облысы әкімдігі жұмыс бағ­дар­ла­ма­сына енгізіп, қаржы бөлу мүм­кін­дік­терін қарау туралы “Оңтүстік” ӘКК-ге ұсыныс жасаған. Бірақ “Оңтүстік” ӘКК Жамбыл ауда­нын­дағы “Айша бибі-Шоң Қақпа” халықаралық орталығын тиімсіз деп, санапты. Неге деген сауалға “бұл аймақта мол жүк тасымалы мен қырғыз еліне шығарылатын экс­порттық тауарлар жоқ” деп жауап береді. Сондай-ақ, оларды қазақтар жағынан бөлінген жер көлемінің аздығы мен жобаны жүзеге асырудың заңдық базас­ы­ның жоқтығы да алаңдатады екен. Өз кезегінде жамбылдықтар 5 гектар жерді 50 гектарға дейін ұл­ғай­туға уәде берген. Бірақ “Оң­түстік” ӘКК “ол жер арқылы Бұқара-Ташкент-Алматы бағы­тын­дағы жоғары қысымды газ құ­бы­рының магис­тралы өтеді” деп теріс айналды. Қордай ауданындағы “Ауқатты-Кең-Бұлұн” халықаралық орта­лығын салу жобасына келетін болсақ, “Оңтүстік” ӘКК-нің бұл жоба туралы да пікірі бар сияқты. Олардың жүргізген сараптамасы бойынша, Қордай ауданындағы Қарасу шекаралық белдеуінен ше­каралық әріптестік жөніндегі ха­лық­аралық орталық құру ана­ғұр­лым ақылға қонатын жұмыс. “Неге” деген сауалға беретін жа­уаптары да дайын. Мысалы, елі­міз­дің кеден департаменті тарапынан рес­публикалық бюджеттен “Қа­расу” бақылау-өткізу пункті мен “Қордай” кеден бекетін күшейтуге байланысты жобаны жүзеге асыруға қыруар қаржы қарастыруға ұсыныс жасалған. Бұл жоба бойынша аумағы 3,6 гектар болатын жерге қа­зіргі заманғы бақылау-өткізу жарақтарымен жабдықталған терминалдың құрылысы салынады деп күтілуде. Терминал іске қос­ыл­ған кезде тауар тасымалы “Қарасу” кеден бекеті арқылы өткізіледі де, туристер мен майда саудагерлер бұ­рынғысынша “Қордай” бекеті ар­қылы жалғаса бермекші. Бұл жоба бөлінген жерге қажетті ком­му­ни­кация тартуды да ұмыт қал­дыр­майтынын алға тартқан “Оңтүстік” ӘКК аталған халықаралық орта­лық­ты (базарды) Ауқатты ауы­лы­нан емес, керісінше Қарасудан са­луды ұсынады. Оның түрлі же­ңіл­діктері мен ыңғайлы жақтарын да көрсетеді. Шекаралық әріптестік жөнін­дегі халық­аралық орталық құруға мүдделі тараптардың осын­дай көзқарастар алуандығынан кейін еліміздің Индустрия және сауда минстрлігінің бастамасымен кеңес өткізілді. Онда “Айша бибі” кеден бекетінің стратегиялық мәні бар екеніне сілтеме жасай отырып, сол жерден “Ай­ша бибі-Шоң Қақпа” шекаралық әріп­тестігі жөніндегі халықаралық орталық салудың дұ­рыстығы және қазақ-қырғыз елдеріне тауар тасымалы “Қордай” кеден бекетінен ендігі жерде “Айша бибі” кеден бекетіне қарай бағыт­талатыны жөнінде ұсыныс ай­тыл­ды. Ал “Қордай” кеден бекеті жеке тұлғаларды өткізетін бақылау-өткізу бекеті болып қала береді деп келісілді. “Айша бибі-Шоң Қақпа” шекаралық әріптестігі жөніндегі халықаралық орталық салу Жамбыл облысы үшін қандай маңызды мәселелерді шешеді? Біріншіден, Жамбыл облысының индустрия­лық-инновациялық инфра­құ­ры­лымын дамытады, екіншіден, “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” та­ранзиттік дә­лізіне қосылу мүм­кіндігіне қол жеткізеді, үшіншіден, өнеркәсіп тауарларының экс­порт­тық өсімін арттырады, төртіншіден, Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалалары геоэко­но­ми­калық негізінде көлік дәлізінің бойымен арнайы технопарк айма­ғын дамытуға мүмкіндік жасайды, бесіншіден, Алматы-Бішкек авто­жолына шамадан тыс түскен жүкті жеңілдетеді, Қазақ елінің ха­лықаралық бай­ла­ныс­тарын мем­ле­кеттік органдар мен бизнес қа­уымдастығы деңгейінде нығайтып, дамытады, жетіншіден, Жамбыл облысы арқылы өтетін жүк тас­қынының  көлемі жер­гілікті бюд­жет түсімдерін ұлғайтады. Бұл жо­балар жүзеге асқан жағдайда, әсі-ресе, дотацияда отырған Жамбыл облысы үшін үлкен экономикалық секіріс пен серпіліс болып табылар еді. Бүгінде Индустрия және сауда министрлігі мен мүдделі органдар тарапынан туындаған мәселелерді зерттеу бойынша жұмыс тобы құ­рылды. Оған Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев пен облыс әкім­дігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бас­қармасының бастығы Гүлжауһар Құшанова ұсынылды. – Бүгінде облыстағы қырғыз елімен шекаралас аймақтарда 9 кеден бекеті жұмыс істегеніне қарамастан, халықаралық жүк тасымалы жүйесіндегі Жамбыл облысының әлеуеті толыққанды іске асырылмай отыр. Халықа­ра­лық көлік дәліздерінің негізгі мүм­кіндіктері аймақта толық құ­рыл­маған. Көлік жолдарының сапасы мен сервистік қызметтің деңгейін халықаралық стандарттарға сәйкес көтеру де мәз емес. Жамбыл об­лысы әкімдігі сауда-эко­но­ми­калық қарым-қатынасты дамыту мақ­са­тын­да шекаралық әріптестік жө­ніндегі халықаралық орталықты құруда өз жұмысын жалғастыруда. Екі ел сарапшылары жұ­мыс істеді. Дегенмен, түрлі пікірлер ай­ты­луда. Сондықтан, бұл мәселені бүге-шігесіне дейін зерттеп, облыс эко­но­микасына қолайлы ше­шімге тоқ­тау қажет. Менің ойымша, бұл жо­баны жүзеге асырған жағдайда облыс эко­но­микасы бұрынғыдан да дамып, көрші елдермен әріп­тес­тік-тің жаңа мүмкіндіктері ашылады, – дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бо­зым­баев аймақтағы инвес­ти­ци­я­лық саясаттың жоқтығын, об­лыстың дотацияда отырғанын ай­тып, мұндай экономикалық ты­ғы­рық­тан шығудың жолдарын жан­таласа қарастырып жатқаны белгілі. Мәселеге облыс басшысының осы мүдделі көзқарасы тұрғысынан қарап, ой қорытсақ, “Айша бибі-Шоң Қақпа” жобасы бізге өңір өмірін жандандыратын Жібек жолы сияқты көріне береді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.