16 Наурыз, 2010

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары екі мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастығына қатысты бірқа­тар мәселелерді, жақында Мәс­кеуде болған бейресми кездесу ба­рысында қол жеткізілген уағда­ластықтар аясында екіжақты қа­рым-қатынасты  дамытудың перс­пек­тиваларын талқылады. Атап айтқанда, әңгіме Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 65 жылдығын бірлесіп мерекелеуге дайындық туралы өрбіді. Қазақстан мен Ресей Прези­денттері сондай-ақ өңірдегі жағдай­лар, екі мемлекеттің ШЫҰ шең­беріндегі өзара іс-қимылы төңіре­гінде пікір алмасты.