Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Ақсу ауданындағы “Қызылағаш” су қоймасында орын алған апатты жою мәселесін талқылаған жұмыс бабында кеңес өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, Бас прокурор К.Мәми, сондай-ақ Үкімет мүшелері қатысты.
Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша кеңеске қатысушылар апат салдарынан қайтыс болғандарды минуттік үнсіздікпен еске алды.
К.Мәсімов Президентті апат болған жерде үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатқанынан хабардар етті. Баспанасыз қалған азаматтарды алдымен орналастыру жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер жедел шешімін тапты. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмектер көрсетілді. Адамдар қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Ішкі әскер және ТЖМ бөлімдерінің күшімен апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.
Кеңес жұмысын қорытындылай келе, Президент апаттың салдарын жою, зардап шеккен отбасыларға материалдық, қаржылық, медициналық көмектер көрсету жөнінде нақты тапсырма берді. Балаларды оқу орындарына орналастыру, үйсіз қалғандарды тұрақты баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін ойластыру қажет.
Н.Назарбаев барлық өңірдің әкімдеріне алдағы уақытта мұндай қайғылы жағдайдан аулақ болу үшін барлық су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын тексеруді тапсырды. Құқық қорғау органдарына тыңғылықты тексеріс жүргізіп, егер апаттың болуы өз жұмысына жауапкершіліксіз қараудан және объектіні сақтау жөнінде профилактикалық қажетті жұмыстарды жүргізбегеннен болғаны анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 16:31
Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды
Ата заң • Бүгін, 16:08
Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады
Қоғам • Бүгін, 15:56
Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?
Экономика • Бүгін, 15:44
«Asar Baspana» кооперативі халықты алдап 25 млрд теңге табыс тапқан
Оқиға • Бүгін, 15:35
Дәріханаларда жарамдылық мерзімі өткен 750-ден астам дәрі сатылған
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:26
Елімізде алюминий дөңгелек дискілер шығаратын зауыт салынады
Технология • Бүгін, 15:15
Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды
Оқиға • Бүгін, 15:01
Жаңатастағы жел: Бірнеше үйдің шатыры ұшты
Аймақтар • Бүгін, 14:51
Өзін қандас деп таныстырған ауғанстандық мемлекет қаржысына пәтер алған
Қоғам • Бүгін, 14:46
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:37
Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 14:10
Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:50
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Оқушылар қаңтар айында тағы да каникулға шығады
Мектеп • Бүгін, 12:55