06 Маусым, 2017

Мақсат – қарым-қатынасты нығайту

210 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2 маусым күні Брюссельде Еуро­одақ-Қытай саммиті мәреге жет­ті. Еуропа елдері лидерлерінің ҚХР Мемлекеттік кеңесі пре­мь­ері­мен дәс­түрлі кездесуі би­ыл­­ғы жылы ерек­ше ма­ңызды бол­ға­нын атап өту керек.

Мақсат – қарым-қатынасты нығайту

Бұл бірқатар объективті фак­тор­­ларға байланысты тарап­тар­дың көз­қа­растарының бір жерден шығуымен байланысты. Қа­зір­гі таңда, Қытай мен Еуропа ел­де­рінің экономикалық байланысын те­рең­детуге түрткі болған мәселелер бар. Біріншіден, соңғы уа­қытта ЕО мен Қытай арасындағы сауда қа­ты­нас­т­а­рының төмендеуі екі тарап үшін де т­е­ріс ықпалын тигізе бастады. Сол үшін олар екіжақты қатынасқа жаңа серпін бе­руге ниетті.

Екіншіден, Си Цзиньпиньнің бас­шы­лығымен Қытай билігі сыртқы саясатта «Бір белдеу – бір жол» бас­тамасын жүзеге асыруға басымдық бе­ріп отыр. Қытайдың көмегімен көп­тег­ен көлік жолдарын салудағы басты мақ­сат − Еуропа елдерімен байланыс­ты арттыру. Еуроодақ Қытайдың негізгі сауда әріптесі әрі қытайлық тауарды тұтынушы нарық болып табылады. Дегенмен, Қытайдың бастамасы әзір­ге ойдағыдай жүріп жатқан жоқ. Гер­мания, Франция, Италия, Испания, Голландия сынды Еуроодақтың негізгі ел­дері оны қолдамай отыр. Мамыр айын­да Бейжіңде өткен форумға «Үл­кен жетілік» елдерінің бірде-бір басшысы қатыспағаны мәлім. Ең мәр­те­бесі жоғары қатысушы – Ита­лия пре­мьері болды, оның өзінде қы­тай­лық тарап Италиямен нақты ке­лі­сімге қол жеткізе алмады.

Мұндай жағдайда, ҚХР Мемл­е­кет­тік кеңесінің премьері Ли Кэцянның 21 мамыр – 2 маусым күндері Германияға, Бельгияға сапар жасағаны бұл ірі экономикаларды өз бастамасына тартуға барын салып жатқанын көрсетеді.

Үшіншіден, Еуропа елдерінде АҚШ-пен қатынастарын қайта қа­рау процесі біртіндеп жүріп жатыр. Д.Трамп әкімшілігінің күрт құ­был­ғыш әрекеттері консервативті еуро­па­­лықтарға онша ұнай қоймайды. НАТО-ны қаржыландыру ісіндегі өз үле­сін АҚШ қысқартады деп күтіліп отырғаны мәлім. Трамптың Климат жө­ніндегі Париж келісімінен шығу тура­лы мәлімдемесі де еуропалықтарға ұнамағаны түсінікті.

Осы себептерге байланысты, Еу­ро­па елдері, әсіресе, Германия одан әрі дамудың балама векторларын қа­рас­­тыруға көшкен болатын. Бұл орай­да, ҚХР мен оның «Бір белдеу – бір жол» бастамасы олар үшін тартымды бо­­лып көрінді. Қытай басшылығының халықаралық саясаттағы ұстанымы да Кә­рі құрлық лидерлеріне ұнай­ты­ны байқалады.

19-шы рет өткен ЕО-Қытай сам­миті әдетте ірі келісімдерге қол қою­мен аяқталатыны белгілі. Бұл жо­лы кли­­маттың өзгеруімен күрес жө­нін­дегі құжат негізгі келісім болды. Бұ­дан өзге де уағдаластықтарға қол жет­кізілгені туралы айтылуда. Атап айт­қан­да, қоршаған ортаны ластау­ды ретке келтіру үшін Еуроодақ Қытайға 10 миллион еуро бөлуге ке­ліс­кен. Кедей ел­дерге экономикаларын «жасыл» технологиялар негізінде дамытуға көмек қолын созу туралы да уағдаласқан.

Жалпы алғанда, қазіргі таңда Қы­тайдың толыққанды жаһандық дер­жаваға  айнала бастағанына куә бо­лып отырмыз. Соңғы 20 жылға жу­ық уақытта бұл мемлекет жоғары эко­но­ми­калық көрсеткіштерді бағын­ды­рып келді. Көптеген параметр­лер бойынша Жапонияны, Еуропа ел­де­рін артта қалдырды. Әлемнің екін­ші экономикасы болғаннан кейін де Қытай ұзақ уақыт бойы жаңа форматқа – әлемдік лидер форматына көшуге асықпады. Себебі, ел билігі әрдайым өзінің әлеуеті мен қа­рым-қабілетін төмендетіп көрсетуге тыры­сатын. Сол себепті, жуырда ғана өмір­ден озған З.Бжезинскийдің «Қытай – жаһандық емес, аймақтық держава» дегенін дұрыс қабылдады.

Дегенмен, Қытайдың мұндай қа­рапайым ұстанымы да уақыт өте ке­ле өзгерді. Си Цзиньпин мамандар бол­жағаннан да өршіл болып шық­ты. Оның реформалары мен кө­ре­ген­дігінің ар­қа­сында Қытай көптеген кең көлемді мә­селелерге қатысты жау­ап­кершілік алудан тайсалмайтын болды.

Қытай билігі белсенділігінің кү­шеюіне елдің өз ішіндегі ахуалдар да ық­пал етуі мүмкін. Биылғы жылдың қараша айында ҚХР басшылығында өзгеріс болатыны мәлім. Қытай Ком­пар­­тиясы ОК 19-съезінде ҚХР Саяси бю­росы Тұрақты комитетінен Си Цзи­нь­пиннің сенімді серіктері жас­т­арының ұл­ғаюына байланысты кетуге тиіс. Осы съезде 2021 жылдан кейін Қы­тайдың жа­ңа көшбасшысы кім екені анық­та­латын болады.

Әрине, көрші елдің ішкі және сырт­қы саясатындағы өзгерістердің  Қазақ­с­тан-
­ның қызығушылығын туды­ратыны тү­сінікті. Себебі, іргелес ор­на­ласқан ел ретінде  Қытайда болған өзгерістердің барлығы бірінші кезекте біздің елде сезілетін болады.

Руслан ІЗІМОВ,
саясаттанушы