Фото: satbayev.university
Білім сайысына Қазақстанның барлық облысынан және Ресей мен Қырғызстаннан дарынды оқушылар келді.
Келген қонақтарға «Ұлт ұясы - Ұлытаудың дәстүрі мен тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Ұлытау облысына қарайтын қала, аудан, ауыл мектептерінің оқушылары мен ұстаздары шебер қолдарынан шыққан көз жауын алатын қолөнер туындыларын көрмеге әкелді.

«Көрме үш бағыттан тұрады. Бірінші бағыты тарихи киелі жерлердің макетін көрсету. Ұлытау өңірі өте тарихқа бай жер, Жошы хан, Алаша хан кесенелері бар. Қаншама өндіріс орындары, шахтасы, фабрикасы бар. Екінші бағытымыз – қолөнер, әшекей бұйымдар. Оның бәрін дайындап жатқан мектеп оқушылары. Үшінші бағытымыз - ауылшаруашылық өнімі. Сарыарқаның жері болғаннан кейін еті, қымызы, майы, құрты бар. Алыстан келген балаларға, қонақтарға дәм түрлерін көрсетіп, дәм татқызу мақсатында ұйымдастырылды», деді Ұлытау облысы Білім басқармасындағы «Дарын» орталығының әдіскері, ардагер ұстаз Сара Түгелбайқызы.
Ұлытау облысы