Спорт • Бүгін, 10:22

Ризабек Айтмұқан әлемдік аренада тағы бір жүлдеге қол жеткізді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері Ризабек Айтмұқан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Ризабек Айтмұқан әлемдік аренада тағы бір жүлдеге қол жеткізді

Фото: UWW

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз 97 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған. 

Ризабек Айтмұқан үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран өкілі Аболфазл Бабалуды 7-1 есебімен айқын басымдықпен қапы қалдырды.

Осылайша қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем біріншілігін қола жүлдемен қорытындылады.