Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ сессиясында Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков Елбасының облыс әкімінің лауазымына Құмар Ақсақаловтың кандидатурасын ұсынғаны туралы хатын оқып берді. Халық қалаулылары Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдады.
Бұдан кейін Әкімшілік Басшысы жаңа аймақ басшысын актив жиналысында таныстырып, жемісті еңбегі үшін Ерік Сұлтановқа алғыс айтты.
Ал Қ.Ақсақалов өзіне көрсетілген үлкен сенім үдесінен көрініп, адал қызмет етуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Е.Сұлтанов өз кезегінде үш жылға жуық еңбек еткен уақыт ішінде өзіне қолдау көрсеткен солтүстікқазақстандықтырға ризашылығын білдірді.
Ә.Жақсыбеков өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағыты бойынша бірқатар жұмыстардың атқарылғанын тілге тиек ете отырып, Жолдаудан туындайтын іргелі міндеттерге актив назарын аударды. Президент Қазақстан жұртшылығы алдына бес негізгі басымдықты еңсеру талаптарын қойғанын айта келіп, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, аграрлық сектор, шағын және орта бизнес салалары бойынша үйлесімді іс-әрекет, белсенді қимыл жасауға шақырды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Рухани дипломатияның маңызы арта түсті
Саясат • Бүгін, 09:00
Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды
Саясат • Бүгін, 08:58
Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба
Қоғам • Бүгін, 08:55
Саясат • Бүгін, 08:53
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады
Саясат • Бүгін, 08:48
Технология • Бүгін, 08:45
Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?
Экология • Бүгін, 08:40
Референдум өткізу жоспары бекітілді
Референдум • Бүгін, 08:38
Цифрлық емхананың онлайн кеңесі
Digital • Бүгін, 08:35
Конституция – кемел келешек кепілі
Пікір • Бүгін, 08:33
Тұрғындар тұншығып, тексеріс тежеліп тұр
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:27
Олимпиада • Бүгін, 08:25
Басқа басылымдардан: Мемлекет дамуына қуатты серпін береді
Басылым • Бүгін, 08:22