14 жылдан бері жұмыссыз тұрған Ақсу қант зауытын биыл іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі мәлім етті, деп жазады abctv.kz.
Әкімдік биыл 300 мың тоннадан артық қант қызылшасын жинап, 30 мың тонна қант өндіру көзделгенін айтып отыр. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен (25 мың тонна қант) 5 мың тоннаға көп. «Осылайша импортқа тәуелділік азаяды. Зауытты іске қосудан бөлек, қант қызылшасы алқабы 2,7 мың гектарға ұлғайтылып, 9 мың гектарға жеткізіледі (2016 жылы 6,3 мың гектар болған), – деп хабарлайды әкімдік. Баспасөз қызметінің дерегі бойынша, облыста жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері 603,9 млрд теңгеге дейін артпақ. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында Ақсу қант зауытын жаңғырту үшін инвестор іздестіріліп жатқаны бұған дейін де хабарланған болатын. Дегенмен өңірде бұдан басқа сүт зауыты және Талғар ауданындағы «Байсерке-Агро» ЖШС-на тиесілі ет өңдеу кешені жұмыс істемей тұр.• 13 Ақпан, 2017
Алматы облысында тоқтап тұрған қант зауыты қайта қосылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
Қоғам • Бүгін, 11:34
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Қоғам • Бүгін, 11:11
Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?
Дін • Бүгін, 11:08
Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болған екі күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:45
Оралдық ғалымдар жаңа агрожоба ұсынды
Білім • Бүгін, 10:22
ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады
Білім • Бүгін, 10:15
Еліміздің су қоймалары тасқын суға дайын ба?
Қоғам • Бүгін, 10:07
Руханият • Бүгін, 09:55
Бүгін қай өңірлерде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:49
Қаржы • Бүгін, 09:35
18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:29
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10
Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» португалиялық «Бенфикадан» басым түсті
Футбол • Бүгін, 09:07