Дін • Бүгін, 11:08

Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқарма бекіткен 2026 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, ертең қасиетті Ораза айы басталады. Ал бүгін ел мешіттерінде алғашқы тарауық намазы оқылады, деп жазады Egemen.kz.

Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?

Фото: muftyat.kz

Рамазан айының соңына дейін созылатын рәсім жиырма рәкәттан тұрады. 

Тарауық намазы құптан намазынан кейін оқылады. Құптан намазының уақыты әр өңірде әркелкі. Сондықтан тарауық намазының уақыты осы ерекшелікке байланысты бекітіледі. 

Құптан намаздарының уақытын ҚМДБ ұсынған кестеден білуге болады.

Мәселен, Астанада құптан намазының уақыты сағат 19:07-де кіреді. 

Алматы қаласында 18:45 деп белгіленген. Шымкентте құптан намазы 19:15-те басталады.

2026 жылғы Ораза кестесі жарияланды

Айта кетейік, биыл пітір садақа мөлшері 735 теңге көлемінде бекітілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар