Еуропаның басты клубтық турниріндегі плей-офф кезеңінде Реал Мадрид пен Бенфика арасындағы кездесу жанжалмен есте қалды. Матч барысында мадридтік клубтың шабуылшысы Винисиус Жуниор өзіне қарсы айтылған нәсілшілдік сипаттағы сөзге байланысты төрешіге шағым түсіріп, ойын 10 минутқа тоқтатылды.
Екінші таймның басында Винисиус керемет соққымен есеп ашты. Голдан кейін ол бұрыш жалаушасы маңында қуанышын білдірген. Алайда арада аз уақыт өткен соң, бразилиялық футболшы бас төреші – франциялық Франсуа Летексье-ге жүгініп, «Бенфиканың» ойыншысы Джанлука Престианни өзін нәсілдік тұрғыда қорлағанын мәлімдеді.
«Реал» Холандқа көз тігіп отыр: Клуб президенті «Манчестер Сити» жұлдызын қатарға қосуды қалайды
Төреші ФИФА-ның нәсілшілдікке қарсы хаттамасына сәйкес ойынды дереу тоқтатты. Командалар мен төрешілер арасындағы талқылаудан кейін матч шамамен 10 минуттан соң қайта жалғасты. Матчтың 50-минутында испаниялық клубтан Винисиус Жуниор гол соқты. Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Қарымта кездесу 25 ақпанда Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді. Жалпы кезең қорытындысы бойынша «Бенфика» 9 ұпай жинап, турнирлік кестеде 24-орынға тұрақтаған. Ал мадридтік клуб 15 ұпаймен 9-сатыдан көрінді.