12 Ақпан, 2017

Нұрберген Жұмағазиев Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрберген Жұмағазиев 1 мың метр қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында оңтүстіккореялық Хван Дэ Хон топ жарса, голландиялық Сьенки Кнегт күміс жүлдені ұтып алды. Ертең 5 мың метр қашықтықта жерлестеріміз финалда Ресей, Қытай, Голландия құрамаларымен эстафеталық сында жарыс жолына шығады. Айта кетейік, Нұрберген Жұмағазиев былтыр Оңтүстік Кореяда 1 мың метр қашықтықта әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанса, жақында ғана Алматыда өткен Универсиада ойындарында эстафеталық сында және 1500 метр қашықтықта қола жүлдегер атанған.
Соңғы жаңалықтар

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Руханият • Бүгін, 15:59