Елбасы биылғы Жолдауында Үкімет пен әкімдерге бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту жөнінде тапсырма бергені мәлім. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына ауыл шаруашылығы кооперативтерін кең ауқымда қолдау және жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында үлкен міндеттер қойылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті стратегия және талдау басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңының өткен жылдың қаңтарынан күшіне енгеніне қарамастан, шаруалар кооперативтердің экономикалық жағынан қаншалықты тиімді екендігін толық сезіне қойған жоқ. Кооперация дегеніміз - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді экономикалық тұрғыда біріктіру. Мұндағы артықшылықтардың мәні мынада, ең алдымен еңбек өнімділігі артып, өткізетін тауар мол болғаннан кейін өнімге сұраныс тұрақталады, өндіріс қуаты тиімді пайдаланылып, шығын азаяды, маркетингтік ақпаратқа қол жеткізіледі.
Ең бастысы, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.Сондықтан әркім өз бетімен, жеке-жеке өмір сүрудің тиімсіз екендігін түсінетін уақыт жетті. Одан да бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағыт ұстап, сүт өнімдерін қабылдайтын орталық құрылса немесе отбасылық бордақылау және мал сою алаңдары ашылып, орталықтандырылса, ауыл тұрғындарының ұтатыны анық. «Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» еншілес ұйымдары арқылы модульді сүт қабылдау және мал сою орталықтарын алғашқы жарнасыз лизингке беру сызбасын дайындады.
Бастапқы жарна ретінде инвестсубсидия (50 пайыз) және сатып алынған қондырғылар кепілге қойылады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында кооперативтерді дамыту бағытында мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялаудың жаңа бағыттары қарастырылды. Мысалы, кооперативтерде өндірілген сүттің бір литріне 10 теңге, бордақыланған өгізшелердің әр басына 20 мың теңге, қозыға 1500 теңгеден төленеді. Сондай-ақ құрама жем өндірісін арзандату, біржылдық және көпжылдық жемшөп дақылдарын субсидиялау, биылдан бастап кооперативтерді қолдау мақсатында олардың сатып алған құрал-жабдықтарына жұмсалған шығынның 50 пайызын қайтару көзделген.
Оған қоса «Ынтымақ» несиелік өнімдері кооперативтерді қосымша қаржыландыруға бағытталса, «Игілік» мал басын көбейтуге, «Бірлік» сүт қабылдау орталықтарын, «Береке» бағдарламасы отбасылық бордақылау алаңын құруға қызмет етпек. Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған шағын несие (18 млн. теңге) 7 жылға берілмек»,- деді Н.Мақашев. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Нұрмағамбетовтің мәлім еткеніндей, өңірдің бірқатар аудандарында қазірдің өзінде кооперативтер құрылып, жұмыс жасауда. Алдағы уақытта олардың аясы кеңейе түседі деуге негіз бар. Себебі кооперативтерге біріккен жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында биыл Батыс Қазақстан облысына 1 474 млн теңге бюджеттік несие бөлу жоспарлануда.
• 10 Ақпан, 2017
БҚО-да ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға 1,4 млрд теңге несие бөлінбек

Үкіметтік емес ұйымдар үшін грантқа өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 19:26
«Родина» ЖШС ұжымы республикалық референдум өткізуді қолдады
Референдум • Бүгін, 19:00
Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды
Теннис • Бүгін, 18:28
Атырауда мектептің бұрынғы екі түлегіне «Алтын белгі» берілуі мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Коалиция мүшелері Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті
Ата заң • Бүгін, 17:45
Атырау облысында 10-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:22
«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті
Ата заң • Бүгін, 17:10
SCImago рейтингі: Қазақстан Орталық Азиядағы ғылыми көшбасшыға айналды
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Сауалнама нәтижесі: 2025 жылы дайын өнімге сұраныс артқан
Банк • Бүгін, 16:52
Ораза ұстаудың қандай әдептері бар?
Дін • Бүгін, 16:33
Ішкі саудаға серпін: Кәсіпкерлерге 4,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді
Сауда • Бүгін, 16:23
Балаларға ораза ұстауға бола ма?
Руханият • Бүгін, 15:59
Сауранда су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:57