Аймақтар • Бүгін, 17:52

Атырауда мектептің бұрынғы екі түлегіне «Алтын белгі» берілуі мүмкін

120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында орта мектептің екі түлегі оқуды үздік аяқтаған. Алайда мұғалімдер түлектердің бағаларына түзетулер енгізіпті. Білім басқармасының комиссиясы педагогтердің түзетулеріне сүйеніп, түлектерге «Алтын белгі» беруден бас тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда мектептің бұрынғы екі түлегіне «Алтын белгі» берілуі мүмкін

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мектеп түлектерінің заңды өкілдері комиссияның бұл шешімімен келіспей, сотқа жүгінді.

«Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында іс материалдары қаралды. Талап қоюшылардың 5-11-сыныптар аралығында барлық пән бойынша жылдық, тоқсандық және қорытынды бағалары үздік болып, қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен. Бұл «Алтын белгі» алу талаптарына сәйкес келеді. Бағаларды қою, өзгерту және түзету тек педагогтердің құзыреті мен жауапкершілігіне ғана қатысты. Осыған байланысты оқушылар мұғалімдер тарапынан болуы мүмкін қателіктер немесе процестік бұзушылықтар үшін жауапты болмауы тиіс, мұның теріс салдары болуы мүмкін емес. Білім басқармасымен әкімшілік сот ісін жүргізудің базалық қағидаттары, оның ішінде сенім құқығын қорғау, әділдік және мөлшерлестік қағидаттары бұзылған. Өйткені теріс салдарлар түлектерге олардың кінәсінсіз және олардың тарапынан дәлелденген бұзушылықсыз жүктелді», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Атырау облысында мектеп бітіретін 222 түлек «Алтын белгі» алуы мүмкін

Сот істі қарау кезінде Білім және ғылым министрінің бұйрығының ережелерін ескерді. Соған сәйкес модерация рәсімі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша даулы мәселелер болған кезде ғана қолданылады. Бұл жағдайда мұндай даулы мәселелер болмаған.

«Алтын белгі» иегерлерінің 23 пайызға жуығы ұстаз мамандығын таңдаған

«️Сот педагогтер енгізген түзетулерге негізделген комиссия шешімін заң талаптарына қайшы деп таныды. Мектеп бітірушілерге қатысты комиссия отырысының даулы хаттамасының күшін жойды. Білім басқармасына «Алтын белгі» беру туралы мәселені қайта қарауды міндеттеді. ️Атырау облыстық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды», деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.

«Алтын белгіге» үміткерлер көбейді

Соңғы жаңалықтар

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Руханият • Бүгін, 15:59