Әрине, бұл кітапты ел тарихын терең танып, дүниетанымын кеңейткісі келгендердің оқығаны немесе қызыға қолға алары анық. Дегенмен, үлгі етерлік бастаманың орта жолда қалмай, нәтижелі дәстүрге айналғаны қуантады. Айтып отырғанымыз – «Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы.
Бұл осыдан үш жыл бұрын, бүгінде Шымкенттегі Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекованың облыстық мәдениет басқармасының тізгінін ұстаған кездегі игі бастамаларының бірі болатын. «Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясының 2017 жылғы таңдауы жуырда анықталды. Жазушылар, бір топ зиялы қауым өкілдері, тілдерді оқыту және дамыту саласының қызметкерлері, кітапханашылар, оқырмандар басқосып, пікір алыса келе, 2017 жылы өлкемізде ортақтаса оқитын кітап – жазушы, халықаралық Алаш сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысовтың «Темірлан» кітабы деп белгіледі. Осы арада айта кетелік, 2014 жылы – С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы, 2015 жылы – әңгіме жанрының хас шебері Т. Әлімқұловтың «Телқоңыр» әңгімесі, 2016 жылы халық ақыны Қазанғап Байболұлының кітаптары таңдалған болатын.
Жазушы Еркінбек Тұрысовтың «Темірлан» тарихи романында әлемге аян орта ғасыр әмірі Ақсақ Темірдің аяқталмаған ақырғы жорығы тұсында, бүгінгі Орталық Азия мен Иран, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі жағдай баяндалады. Бұдан алты ғасыр бұрын өткен оқиғалар жайындағы тарихи дерек, ел ішінде сақталған аңыздар негізінде автор жиһангер падишаһтың тұлғасын және оны қоршаған ортаның тіршілік-тынысын суреттейді. Түркістан шаһары түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып жарияланған тұста бұл әдеби еңбектің танымдық құны арта түсері анық.
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Еркінбек Тұрысовтың жеке музей-кабинеті бар. Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасында. Бұл жазушының еңбегі бағаланып, жасалған қамқорлықтың бірі болса керек. Жуырда онда жазушының бес томдық тарихи-көркем шығармалары мен «Мәңгілік сарын», «Бәйдібек» атты тағылымға толы кітаптарының тұсаукесеріне орай кездесу кеші болып өтті.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ШЫМКЕНТ

ERG қызметкерлері жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
Қоғам • Бүгін, 20:50
Ақтөбе облысында жас мұғалім өлі күйінде табылды
Оқиға • Бүгін, 20:32
Үкіметтік емес ұйымдар үшін грантқа өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 19:26
«Родина» ЖШС ұжымы республикалық референдум өткізуді қолдады
Референдум • Бүгін, 19:00
Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды
Теннис • Бүгін, 18:28
Атырауда мектептің бұрынғы екі түлегіне «Алтын белгі» берілуі мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Коалиция мүшелері Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті
Ата заң • Бүгін, 17:45
Атырау облысында 10-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:22
«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті
Ата заң • Бүгін, 17:10
SCImago рейтингі: Қазақстан Орталық Азиядағы ғылыми көшбасшыға айналды
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Сауалнама нәтижесі: 2025 жылы дайын өнімге сұраныс артқан
Банк • Бүгін, 16:52
Ораза ұстаудың қандай әдептері бар?
Дін • Бүгін, 16:33
Ішкі саудаға серпін: Кәсіпкерлерге 4,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді
Сауда • Бүгін, 16:23