Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2017 жылмен құттықтады.
"Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2017 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды. Биыл бүкіл халық болып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік. Жас мемлекеттің ширек ғасырлық шежіресі ел тарихында алтын әріппен жазылды. Бұл - біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт. Жаңа жылды қарсы алар сәтте береке-бірлігі жарасқан халқыма зор алғыс айтамын! Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бірқатар маңызды шараларға толы болды. Елдің саяси өміріндегі елеулі науқан - Парламент сайлауын өткіздік",- деді Елбасы.
"Ұлы мақсат көздеген Ұлт жоспарының алғашқы жылын табысты аяқтадық. Алдағы 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастайтын болады. Бұл - кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мәртебелі міндет. Келер жылы Астана меймандары "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде бас қосатын болады. Сонымен қатар, Алматыда дүние жүзілік Қысқы универсиаданың алауы жағылады. Еңселі елордамызда Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді",- еске алды Мемлекет басшысы.
"Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды. Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады. Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа 25 жылдықтың жарқын парағын ашамыз. Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, елімізге бүгінгіден де биік жетістіктер тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!", - деп құттықтады сөзінде Мемлекет басшысы.

Спорт • Бүгін, 11:55
7 ақпандағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 11:43
Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасы күрт нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:33
Ташкентте белдесетін дзюдошылардың есімі белгілі болды
Спорт • Бүгін, 11:23
DeepSeek пен ChatGPT-ді жалған нұсқалардан қалай ажыратуға болады?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:42
45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 10:32
Солтүстікке бетбұрыс: Қоныс аударушыларды қолдаудың жаңа форматы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер
Саясат • Бүгін, 10:00
Олимпиада-2026: Алғашқы жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді?
Спорт • Бүгін, 09:57
Мүмкіндігі шектеулі балаларға – ерекше назар
Қоғам • Бүгін, 09:50
Пікір • Бүгін, 09:40
Елдік көзқарастың қалыптасуы маңызды
Пікір • Бүгін, 09:30
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Реформа • Бүгін, 09:20