Ауа райы • Бүгін, 11:33

Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасы күрт нашарлайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2026 жылғы 7 ақпанда Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасы күрт нашарлайды
«2026 жылғы 7 ақпанда Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55