7 ақпанға арналған жарыс кестесі (Астана уақытымен):
17:00 – Шаңғы жарысы (Скиатлон, әйелдер)
Ақ Олимпиаданың алғашқы бәсекесінде шаңғышыларымыз бақ сынайды:
• Дарья Ряжко;
• Надежда Степашкина;
• Анна Мельник;
• Ксения Шалыгина.
Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
20:00 – Конькимен жүгіру (3000 метр, әйелдер)
Мұз айдынында ел намысын мына спортшылар қорғайды:
• Елизавета Голубева;
• Надежда Морозова.
Еске сала кетейік, Қысқы Олимпиада ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.