Елорда • Бүгін, 10:32

45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 6 ақпанда қалың қар мен көктайғақ салдарынан таңғы уақыттың өзінде 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Қала көшелеріндегі апаттардың күрт көбеюіне қалың қар, көктайғақ және көріну деңгейінің төмендеуі себеп болған.

Полиция департаменті апаттың жиілігі мен көлік қозғалысының қиындауына байланысты жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстауға шақырады.

Сондай-ақ қала сыртындағы кейбір жол учаскелерінде қозғалыстың жиі шектелуіне байланысты алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Құқық қорғау органдарының ескертуінше, жол жағдайы тұрақталғанға дейін сақтық шараларын күшейту қажет.

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардың қай бағытта ашық және жабық екенін хабарлаған еді. 

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20