06 Сәуір, 2017

Татулықтың темірқазығы

322 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Этносаралық келісім еліміздің тұ­рақты дамуының ең маңызды фак­торы десек, қателесе қоймасыз. Өйт­кені, этносаралық татулық – қо­ғамдық келісімінің негізі, ұлттық қау­іпсіздікті қамтамасыз етудің ті­регі.

Татулықтың темірқазығы

Әуел бастан бірлік пен ынтымақты алдыңғы орынға қойған Елбасымыздың ұстанған саясаты бүгінде өз жемісін бе­ріп келеді. Мемлекет басшысы еге­мен­­діктің алғашқы кезінде-ақ: «Ішкі сая­саттың іргелі қағидасы ұлтаралық келісім принципі болуы тиіс. Міне, осының өзі демократиялық құқықтық мем­лекет құрудағы қазақстандық жол­дың ерекшелігін және біздің дүние­жү­зілік қауымдастыққа енуіміздің ерек­ше­лігін айқындайды», - деп атап көр­сет­кен еді.

Бүгінде солар еліміздің тарихынан ойып тұрып орын алды. Барлық қа­зақ­стандықтың жолы – бірлік жолы жә­не азаматтық біртектілік негізінде ұлт­­ты дәйектілікпен қалыптастыру жо­­лына ұласып отыр. Көзі қарақты оқыр­­ман Елбасымыздың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» еңбегімен жақсы таныс деп ой­лай­мыз. Осы мақала – еңбегінде Пре­зи­дент азаматтық біртектілікті ны­ғай­туға қазірдің өзінде Қазақстан хал­қы Ассамблеясы мен «Мәңгілік Ел» жал­пы­ұлттық идеясы сияқты не­гіз­дер бар екенін, енді соларды дамыта оты­рып, болашағы Біртұтас Ұлтты қа­лып­тас­тыруға болатынын айтқан еді. Біз бүгін соған келе жатырмыз.

Ал Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­ның миссиясы – қазақстандықтарды этно­­са­ралық бейбітшілік пен келісімнің мы­з­­ғ­ы­мастығына бастайтын жол. Осы­ған бай­ланысты Елбасымыз: «Ғылым жер­­дегі әрбір этнос кем дегенде бір ай­рық­­­ша ерекшелікке ие дегенді айтады. Біз­­дің өміріміз қазақстандық 100 эт­нос­тың 100-ден кем емес, айрықша және қайталанбас ерекшеліктері бар екенін көр­сетіп отыр. Олардың бәрі жиналып кел­генде біздің Болашағы Біртұтас ұл­ты­мызға артықшылықтар береді», − деген болатын.

Ассамблея өзінің қызметін бас­та­ғаннан бері баға жетпес осы құн­ды­лықтың басты сақтаушысы миссияс­ын табысты атқарып келеді. Бұл жерде «Мәңгілік Ел» Патриоттық ак­ті­сі­нің орны бөлек. Себебі, қазақ­стан­дық­­­тардың өз еліне, өз жеріне деген пат­­риоттық рухы осылар арқылы та­нылады. Мемлекет басшысының бір­тек­тілік пен біртұтастық бойынша бүкіл жұ­мысты Қазақстан халқы Ассам­блея­сы айналасында түзетін боламыз, деп атап көрсетуі сондықтан болса керек. Ассам­блеяның ұйытқы болуымен іске асы­рылып жатқан іс-шаралар өте көп. Мы­салы, «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Жиыр­ма игі іс» және басқа да ірі жобалар өзінің өміршеңдігімен көпшіліктің есін­де қалды.

Кезінде Уинстон Черчиль «Қоғам қы­сымға ұшырағанда қарапайым ха­лық біріксе, жаңа жетістіктерге қол жет­кізудің мүмкіндігі мол» деген екен. Енді қоғамды біріктіретін жағдай туған сияқты. Ол біздің елімізде бар деп айтуымызға болады. Өйткені, жүзден астам этностар мекендейтін Қазақстан өзінің ғасырлар бойы жинақтаған құндылықтарын басымдық деңгейге шы­ғарды. Бірлік пен ынтымақтың ар­қа­сында экономикамыз тұрақтанды, қар­жылық дағдарыстарды ойдағыдай ең­сере білдік, ширек ғасырдың ішінде Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа жақ­сы жа­ғынан танылды. Міне, осы­ның түп не­гізінде этносаралық және дінаралық ке­лісім жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурыз Алғыс айту күні ретінде атап өтіліп келеді. Ал оның негізінде алғыс айту ғана емес, ру­хани туыстыққа үндеу жатқанын бай­қау қиын емес. Себебі, тату болуға деген тілек те, ынтымаққа шақыруға де­ген ниет те осы алғыс айтудан баста­ла­ды. Сон­дай-ақ, Алғыс айту күнін қазақ­стан­дық патриотизм мен ынтымақ − бе­ре­к­енің, бірлік пен достықтың жарасым тапқан күні деуге де болатындай. Шын­туайтында, басқа түскен тағдыр тау­қыметі салдарынан өз жерінен ауа кө­шіп, қазақ даласын паналауы арқылы жан сақтаған этностардың бірінші кезекте қазаққа құрмет көрсетіп, алғыс айтуы заңды да. Бұдан ешкім де кішірейіп қалмайды. Қайта бұл олардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, бірлігін нығайта түседі.

Қазақстандық бірегей құрылымның этносаралық татулық пен келісімді жа­растырудағы тәжірибесі әлем елдерін де қызықтыруда. Оны жан-жақты зерттеп, өз елдерінде қолданғысы келетіндер де аз емес. Себебі, Қазақстан Ассамблея ар­­­­­қылы бірлік пен ынтымақтың, бей­бі­т­­шілік пен тыныштықтың, бақыт пен мей­­ірімнің рухын қалыптастырды.  Со­ны­мен бірге, Ассамблея этносаралық ке­­лісім саласындағы бастамаларды іс­ке асыра отырып, өзінің халықаралық

ұй­ым­­дармен байланыстарды да өріс­тет­ті. Мі­не, осындай игі істер арқылы елі­міз көп­шілік мемлекеттерге арман бол­ған өткір мәселелердің шешілуіне ықпал етіп жүр.

Әлисұлтан 

 

ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»