Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық реформаны қолдау бойынша республикалық бірыңғай күні аясында Тараз қаласындағы Достық үйінде «Азаматтық қоғам институттары отырысы» тақырыбында конференция өтті.
Оған облыстық ҚХА құрылымдарының төрағалары мен мүшелері, облыстық ардагерлер және қоғамдық кеңестердің, ақпараттық топтардың мүшелері, сондай-ақ жергілікті мәслихат депутаттары, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференция барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева Елбасы Үндеуіндегі конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығаруға арналған жиынның маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде хатшылық меңгерушісі Үндеу аясында мүмкіндіктердің де кеңейгенін атап өтті.
Сонымен қатар, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Халықаралық және конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов, облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы Жаңабай Миллионов және облыстық мәслихат депутаты, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Абай Нұржанов сөз алып, конституциялық реформа мемлекетті ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтынын, сондай-ақ заман талабына берілген лайықты жауап екенін айтты.
Жыл басында жарияланған Елбасының Үндеуі мен Жолдауы – бірін-бірі күшейтіп, толықтырып тұрған маңызды құжаттар. Конференция жұмысына қатысушыларға саяси және технологиялық жаңғырудың мақсаты жан-жақты түсіндіріліп, Парламент пен Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейту мемлекеттің Үшінші жаңғыруында атап көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге кедергісіз қол жеткізуге болатыны айтылды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында: «Менің Жарлығыммен әзірленген конституциялық реформа жобасы бір ай бойы өткен бүкілхалықтық қызу талқылауға салынды. Әр адам ұсыныс беру құқығына ие болды. Бәріміз заң жобасын жаппай талқылап қана қоймай, оның сапалы болғанын көріп отырдық», деген болатын. Расында да, халықтың қызу қолдауына ие болған бұл маңызды құжат ел тарихында алтын әріппен жазылатын айтулы оқиға ретінде қалыптасты.
Конференция жұмысын қорытындылаған Маржан Төреғұлқызы ел тарихындағы елеулі оқиғаға үн қосқан жамбылдық азаматтық қоғам институттарына алғыс білдірді.
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Қазақстан мұнай-газ саласындағы геологиялық барлауды жандандырады
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20