Көкшетаудағы Қоғамдық келісім сарайында конституциялық реформаны талқылаған күндердің жалпы қорытындысына арналған іс-шара болып өтті. Оның жұмысына Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен активтер қатысты.
Шараны өткізудегі басты мақсат – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелерін талқылау. Шарада Ақмола облыстық ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Марал Жақыпова сөз сөйлеп, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов төрағалық етті. Сондай-ақ, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Ғосман Төлеғұл, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіндегі ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ардақ Қапышев пен Ақмола облыстық әкімдігі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» МКМ медиаторы, отставкадағы судья Ғайша Сыздықова өз ойларын ортаға салды.
Ардақ Қапышев Конституцияға енгізілген өзгерістер тағдыршешті шешімдер екендігін айта келіп, олардың әрі қарайғы дамуымыздың негізгі бағыты болып табылатынына ерекше назар аудартты. Мәселен, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Конституцияға енгізілген өзгерістерге қатысты сөзінде конституциялық реформаның демократияны одан әрі дамыту, күшті президенттік билікті сақтай отырып, Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттыру екендігін баса айтқан болатын. Бұл тұрғыдан келгенде, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының ұсынысына сәйкес, Елбасы Жолдауы мен республика халқына жасаған Үндеуі бір-бірін толықтырып, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы мен билік тармақтары арасындағы еліміздің саяси жүйесіне өзгерістер енгізу бастамасымен астасып жатқандығы ерекше аталды. Ең бастысы, ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар дер кезінде жүзеге асырылғандығымен ерекшеленеді.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Қазақстан мұнай-газ саласындағы геологиялық барлауды жандандырады
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20