Орал қаласы Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын ауданда орналасқан осынау көп қабатты №67 үйдің өзге ғимараттардан еш айырмашылығы жоқ. Бірақ бұл сырттай қарағанда ғана.
Ал есіктен ішке енсеңіз, тап-таза жинақылыққа, әр қабатта қазақ тілінде жазылған ғибратты сөздерге тап боласыз. Әр қабатқа көтерілген сайын сізді «Тазалық табалдырықтан басталады», «Тазалықты сақтау – баршаның ісі!», «Әдепті бала – арлы бала», «Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі», «Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады» дегендей нақыл сөздер жазылған тақтайша қарсы алады.
Бұл жазбаларды өз қаржысына жасап, орналастырған – Жаһанша Досмұхамедұлы атындағы Орал педагогикалық колледжінің оқытушысы Нұрлан Хамзин болып шықты. Ол технология бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі.
– Біздің үйіміз 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы ипотекаға алдық. Бұған дейін отбасымызбен әр жерде пәтер жалдап келгенбіз. Өз үйіміздің, өз баспанамыздың тазалығы, тәртібі үшін қолымнан келіп тұрған өнерімді неге аяйын?! Бұл жазбалар көршілерімізге де әсер ететін сияқты. Кіреберісіміз, баспалдағымыз әрқашан тап-таза, – дейді Нұрлан Амангелдіұлы.
– Осындай әдемі, таза үйде тұрғаныма Құдайға шүкір айтамын. Балаларым өскенше, 25 жыл бойы жатақханада тұрдық. Енді, міне, ұл-қызым қатарға қосылып, жұмыс жасап, осы үйден пәтер алдық. Көп қабатты үйімізді өз тілімізде безендіріп, атадан қалған асыл сөзді насихаттап жүрген Нұрлан көршіме алғыс айтамын, – дейді осы үйдің тұрғыны Айгүл Оразбекова.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Қазақстан мұнай-газ саласындағы геологиялық барлауды жандандырады
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20