Хоккейден Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Владимир Пашковский «Барыстың» «Металлургке» қарсы матчта нәтижелі ойын көрсете алмауына не себеп болғанын мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Металлург» – сөзсіз мықты команда. Ұжым білікті ойыншылармен толыққан. Әрине, біздің команда да осал емес. «Шығыс» конференциясын бесінші орынмен аяқтап, плей-офф кезеңіне шықты», – деді Пашковский.
Оның айтуынша, астаналықтар үш кезеңде де тең дәрежеде қарсыласа білген. Бірақ бір ерекшелігі – айдын иелері өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған.
«Командаға аздап сенімділік жетіспеді. Шабуылға шыққанда жігіттердің көздері жалын атып тұруы қажет. Бірақ «Барыстан» ол байқалмады. Салдарынан «Металлург» басымдығын көрсетті. Астаналықтардың ойындарына талдау жасау қиын, тұрақтылық жоқ. Мәселен, «Трактормен» өткенде ойындарда сырт айдында жеңіске жетсе, өз жанкүйерлерінің алдында күтпеген жерден есе жіберіп жатты. Мұның сыры неде? Бұған тек қана бапкерлері ғана жөнді жауап бере алады деп ойлаймын», – деді мемлекеттік жаттықтырушы.
Айта кетейік, «Барыс» Гагарин Кубогының жартылай финалының сериялы кездесуінде Магнитогорскіде «Металлург» ұжымынан 0:4 есебімен жеңілген болатын.
• 10 Наурыз, 2017
«Барыстың» ірі есеппен жеңілуіне не себеп болды?

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше