Американың The Huffington Post танымал басылымы саяхатшыларға Қазақстанға баруды ұсынды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Басылым 2017 жылы саяхаттау үшін 17 орынды ұсынып отыр және тек турист болып қоймай, зерттеушіге айналуға кеңес берді.
Қазақстан рейтингтің үшінші орнында орналасқан. Саяхаттаушыларға Қазақстанды тануды Алматыдан, Астана мен Ақтаудан бастауға кеңес берілуде. «Әлемде көлемі жөнінен 9-орында. Архитектура мен қала бойынша экскурсияны ұнататындар жердің аз зерттелген бұл бұрышында өздерін үйдегідей сезінетін болады. Елдің үлкен қаласы - Алматыдан бастаңыз, мұнда жақсы киім-кешек базарлары, жоғары дәрежелі мейраханалар бар», - деп атап өткен басылым. Сонымен қатар туристерге тауға, орманға, Үлкен Алматы көліне баруға кеңес берілген.
Басылымның айтуынша, 20 жыл бұрын ғана жер бетінде болмағаны үшін «әлемнің ақылға қонбайтын астанасы» аталып кеткен Астана қаласы өзінің футуристік сәулетімен тартатын болады. Ал Каспий теңізіне шомылып қайту үшін басылым мұнай өнеркәсібінің орталығы - Ақтау қаласына баруды ұсынды. The Huffington Post-тің рейтингіне сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Маврикий, Кипр, Латвия, Эквадор, Самоа, Уругвай, Намибия, Гватемала, Папуа-Жаңа Гвинея, Ньюфаундленд, Румыния, Лаос, Әзербайжан, Словения және Сейшел енді.
• 10 Наурыз, 2017
Қазақстан саяхаттауға ұсынылған ТОП-17 елдің қатарына енді

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше