Осы күні Павлодардың даңқың асырып жүрген таңдаулы спортшылардың қатарында Дарья Усанованың шоқтығы биік. Шаңғысын сайлап, винтовкасын майлап, ел намысы сынға түсер доданың төрінен табылатын жерлесіміз – облыстың мақтанышы.
2017 жыл Д.Усанова үшін сәтті өрілуде. Алдымен Алматыда өткен қысқы Универсиадада күміспен күптелген (аралас эстафета) ол, студенттер ойынынан кейін іле жалауын желбіреткен қысқы Азиадада (Саппоро, Жапония) алтын (аралас эстафета) мен қола (із кесу, 10 шақырым) медаль еншіледі. Бүгінде ол Әлем кубогы кезеңдеріне қатысуда.
Биатлоннан Қазақстан Ұлттық құрамасының белді мүшесі Д.Усанова әуелде жеңіл атлетикамен айналысқан. Оны бұл секцияға әпкесі Настя ертіп апарыпты. Кейін жеңіл атлетикадан облыс құрамасына алынған. Нәтижесі де тәп-тәуір болыпты. Тек, кейін тағы да әпкесі Настяның үгіттеуімен шаңғы спортына бет бұрған.
«Қыстыгүні шаңғы тебуге баратынбыз. Әшейін, әуестік үшін. Жазда жеңіл атлетика, қыста шаңғыны серік еттім. Сөйте тұра, шаңғы жарысынан облыстық жарыстарға қатысып жүрдім. Кейін Қазақстан чемпионатында бақ сынайтын спортшылардың қатарына қосылдым. Алайда, көрсеткішім төмен болғандықтан, жеңіл атлетикаға көңіл бөлгенім дұрыс деп шештім. Бірақ, көп ұзамай әпкемнің ақыл-кеңесімен шаңғы спортына оралдым», дейді Дарья Усанова.
2009 жылы Дарьяға биатлоннан өнер көрсету туралы ұсыныс түседі. Осылайша, ол спорттың аталған түрін меңгере бастайды. Жарыс сайын нәтижесі де жақсара берді. Усанова сол сәттен бастап аяулы анасын ұтып алған медальдарымен қуантып келеді.
«Сонда ғана менің өмірім биатлон екенін ұқтым. Осы уақытқа дейін спортты басқа салаға ауыстыру туралы еш ойлаған емеспін. Себебі, «Спортшы» – менің екінші есімім», дейді ол.
Д.Усанова – қысқы Олимпиадаға қатысқан санаулы павлодарлық спортшылардың бірі. Ол 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен Олимпия ойындарында өнер көрсетті. Дәл осы жылы Алматыда ұйымдастырылған Азия чемпионатында күміс жүлдеге (масс-старт) қол жеткізді. Дарья – биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Еркебұлан ҚЫЗДАРБЕК,
журналист
ПАВЛОДАР

Олимпиада-2026:14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30
Мұнай-газ өнеркәсібі – экономиканың елеулі саласы
Экономика • Бүгін, 09:25
Музей • Бүгін, 09:20
Әскер • Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55