Елордаға көктемнің ерте келгенін осы концерт үстінде сезінгендей болдық. Күйсандықтан төгілген әуезді саз әсем үнмен үйлесіп, ішкі әлемді мақпалдай жұмсақ әуенімен әлдиледі. Көктемнің өзі іштей ыңылдай айтқан, көкейде бұлбұлдан бұққан ән екен ғой деген байламды ойға берілесің. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде болған "Көктем сезім" атты концертте дәл осындай сезімді бастан кешіргеніміз рас еді.
Бұл кеште жеке концерт иесі, опера әншісі Кенжеғали Мыржықбаев қазақ, шетел композиторларының көктем, махаббат, əйелдерге арнап жазылған вокалдық шығармаларын орындады.
Зал толы жасы, жасамысы бар көрермен бұл жолы әнмен ғана сусындамай, әншінің жарасымды әзілі мен табан астында суырып айтқан тапқыр шумақтарына езу тартып, жадырап отырды. «Әзіл түбі – зіл» демекші, әнші атақты «Қарлығаш» әнін орындағаннан кейін, көкейіндегі мұңымен де бөлісуді ұмытпады. «Мысалы, – деді профессор Кенжеғали Тұрсынбекұлы, – әнеубір төрт қыз осыны Ахаңның – Ахмет Жұбановтың көзінше айтса, автор өз әнін өзі танымай қалар еді-ау...».
Фонограмма мен жанды жеп айтатын жанды дауыс арасындағы жер мен көктей алшақтық жайы да сөз болды бұл кеште...
Әнші мен әнсүйер қауым арасында әдемі байланыс орнаған еді. Автор концертте əр орындаған шығарманың атауын, қай композитордікі жəне сөзі кімдікі екенін атаған адамға өзінің CD күйтабағын сыйға тартып отырды.
Көрермен қауымның періште пейілінен қуат алған әнші әрбір әнін аруларға деген ізетпен, аналарға деген құрметпен әспеттей ұсынды. Содан болар, дегдар тыңдарман маэстроның жанды дауыспен нақышына келтіре орындаған дүниелерді жүрек қақпасын айқара ашып қабыл алды. Ықыласпен соғылған алақан, рояльдің үстін жауып кеткен құшақ-құшақ гүлдесте осының айғағы еді. Бұл кеште Сыдық Мұхамеджановтың «Қырманға кел, қалқатайынан» бастап отызға жуық ән орындалды. Концерттің соңғы нүктесі, әрине, «Нұрикамалмен» қойылды. Рояль демекші, әншіні сырлы сазбен сүйемелдеген Любовь Глинканың да саусағынан айналдық.
Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан керім концерттің соңында сахна төріне аталған оқу орнының проректоры Дихан Қамзабекұлы, профессорлар Намазалы Омаш, Тұрсын Жұртбай және Қаржаубай Сартқожаұлы көтеріліп, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, аталған оқу орнындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі Кенжеғали Мыржықбайға асыл өнері үшін алғыс айтты.
Әйдік әнші үшін ЕҰУ-дің құстың ұясындай ғана залы тарлық ететіндей көрінді. Құлашты кеңге сермейтіндей кеңдеу зал, биік сахнаға шығатын кез жеткен сияқты. Өйткені, классикалық дүние сұраныстан кенде болған емес.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА

Олимпиада-2026:14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30
Мұнай-газ өнеркәсібі – экономиканың елеулі саласы
Экономика • Бүгін, 09:25
Музей • Бүгін, 09:20
Әскер • Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55