Зениттік полктің ержүрек жауынгері бола білген Валентина Мазурова осынау айтулы мереке қарсаңында өз үйіне облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов пен ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мусралимова сый-сияпаттары мен құттықтауларын алып, кіріп келеді деп ойламаса керек. Бийск қаласынан әскерге шақыртылған кейуана Екінші Украина майданында ерлігімен көзге түсті. Соның жарқын дәлелі ретінде оның кеудесінде Ұлы Отан соғысы ордені мен «Германияны жеңгені үшін» медалі жарқырайды. Соғыстан кейін, яғни 1948 жылы Қазақстанға, соның ішінде Көкшетау қаласына келіп Тұрмыстық химия фабрикасына аға шебер болып жұмысқа қабылданады. Осы күні 1927 жылы Зеренді ауданы Қорсақ поселкесінде өмірге келген тыл еңбеккері Дәмел Махметоваға да сый-сияпат пен құттықтау жеткізілді. Он төрт жасында соғыстың тауқыметін сезінген жас қыз 16 жасында тракторға отыруға мәжбүр болады. «Шешем бар жан-тәнімен жұмыс істейтін, себебі, сол ауыр соғыс жылдары барлығының ойында бір мақсат – басқыншы фашистерді жеңіп, Отанға бейбіт өмірді қайтару», дейді қызы Шәрбану Махметова. Өндірістік жарақатынан кейін Дәмел апа жұмысын ауыстырып, Көкшетау қаласындағы тігін фабрикасында ұзақ жылдар еңбек етіп, сол жерден зейнет демалысына шыққан. Дәмел апа жұбайы Теміртас Махметовпен бірге сегіз бала тәрбиелеп өсіргендігін де айта кеткен жөн.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Олимпиада-2026:14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30
Мұнай-газ өнеркәсібі – экономиканың елеулі саласы
Экономика • Бүгін, 09:25
Музей • Бүгін, 09:20
Әскер • Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55