Әйелдер мерекесі қарсаңында Қостанайда қыз-келіншектердің «Рульде арулар» атты автошеруі өтті. Облыстық жастар ресурсы орталығы бастап, жергілікті полиция қызметі қостап өткізген бұл шараның басты мақсаты – көлік жүргізуші әйелдер тарапынан жол ережесінің бұзылмауын насихаттау және мерекеге тарту, жаңашылдыққа, батылдыққа, сұлулыққа құрмет болатын.
Мұндай шеру Кеңес Одағы тұсында 1936 жылы өткізілген екен. Оған «ЗИЛ» жүк машинасын жүргізетін 45 әйел қатысыпты. Ал біз бүгін әйелдер ең сақ, жол-қозғалыс ережесін бұлжытпай орындайтын жүргізушілер екенін көрсетеміз, – деді облыстық жастар ресурсы орталығының бөлім жетекшісі Снежана Шандр.
Әйел жүргізушілер отырған көлік шеруінің тағы бір ерекшелігі, машиналардың барлығы оның иесінің қиялы жеткен жерге дейін безендірілді. Олар машина арқылы түрлі образдар жасауға тырысты. Сәукеле «киген», мультфильм кейіпкерлерімен, 8 наурыз бен жүрекшелерді көрсеткен машиналардан жолдағы жүргіншілер көзін ала алмады.
– Рульге қыздар мен келіншектер отырған машиналар шеруінің әдемілігінде шек болған жоқ. Біз нұсқаушы айтқан ереже шегінен шықпай, жүріп отырдық. Барлық машиналар бізге құрметпен дабылын қосып жатты. Машинаны түнімен отбасымызбен безендірдік. Қазір машина рулінде отыру әйелдер үшін сән емес, бұл күнделікті тірлікте өте керек, – дейді шеруге қатысқан Адина Қалиева.
Автошеруге 23 машина қатысты. Байқаудың соңында демеушілер қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті. Жастар ресурсы орталығының волонтерлері енді мұндай автошеруді жыл сайын өткізуді ойлап отыр.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Олимпиада-2026:14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30
Мұнай-газ өнеркәсібі – экономиканың елеулі саласы
Экономика • Бүгін, 09:25
Музей • Бүгін, 09:20
Әскер • Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55