Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Өскемендегі музей-қорықтың «Алтай» галереясында суретші Тоғжан Оспанованың «Әйел көзқарасы» атты дербес көрмесі ашылды.
«Музей кеңістігіндегі жаңа есімдер» атты ұзақ мерзімді жоба аясында ұйымдастырылған көрмеге суретшінің 50-ден астам туындылары қойылған. Қылқалам шеберінің «Ағараңдаған желкен», «Тау етегінде», «Кофе ханшайымы», «Жұлдызды аспан», «Нөсер», «Белгі панносы» сынды картиналарына көз салған көрермен көгілдір көктемнің лебін сезініп, әсемдік әлеміне тереңінен бойлайды.
Тоғжан Оспанованың негізгі мамандығы – мұғалім. Заңгерлік білімі де бар. Сурет салуға мектеп қабырғасында жүргеннен әуес болғанын айтқан суретші өзге мамандықты таңдаса да, қылқаламға деген құштарлығының ешуақытта кемімегенін, балалары есейіп, ер жете бастаған соң сүйікті кәсібіне қайтадан ден қойғанын тілге тиек етті.
– Бүгінгі көрмеге қойылған еңбектерімнің барлығында менің өмірге деген көзқарасым, ойларым мен сезімдерім бар. Бір жағынан өзім біртүрлі жалаңаштанып қалғандай күйде тұрмын. Өйткені, араласатын ортам – жақындарым мен әріптестерімнің арасында менің сурет салатынымды білмейтіндер де бар. Бұл көрме олар үшін нағыз жаңалық болды, – дейді суретші.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

Олимпиада-2026:14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30
Мұнай-газ өнеркәсібі – экономиканың елеулі саласы
Экономика • Бүгін, 09:25
Музей • Бүгін, 09:20
Әскер • Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55