Жат жұртқа жаралған қыз баласын ерекше қадірлеген қазақ барған жерінде жүзі жарқын болып, абыройы артып жүрсін деген ниетпен ең жақсысын сыйлап, ұзатып салатыны – ежелгі дәстүр.
«Қалың мал», «Қырық жеті», «Жасау», «Киіт», «Бес жақсы», «Өлтірі», тағы басқа бір-біріне жалғасып, дала заңына сәйкес дамып, толыққан дәстүрдің бәрінде ұсақ-түйек ескерусіз ешнәрсе болмаған, ең бастысы, қай-қайсысы да қыз қадірін арттыруға бағытталған бәсі биік жоралғылар. Атадан балаға жалғасқан ұлы жоралғылардың бір жұрнағы болып жетіп, бағалы экспонатқа айналған байлықтың бірі – қалыңдық жасауының ішінде «бастон» деген атқа ие болған аққудың мамығынан тігілген ішік Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде сақтаулы тұр.
Бұл ішік музейдің көздің қарашығындай сақтайтын айрықша құнды жәдігерлерінің қатарында. Музей қорындағы бірегей киімнің құндылығы туралы зерттеу материалында Мемлекеттік орталық музей директорының орынбасары Бейбітқали Қақабаев: «Біріншіден, қалыптасқан дәстүрге сай аң терісінен емес, қауырсыны жұлынып, тек қана мамығы қалдырылған аққу мамығынан тігілгенін, екіншіден, ішік қазақтың біртуар ұлы, ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановтың есімімен тікелей байланысты екенін» жазады.
Ішік музейге 1974 жылы тапсырылған. Қыз тонының аққу мамығынан тігілгенін алғаш болып айтқан – Мемлекеттік орталық музейдің директоры Нұрсан Әлімбай. Б.Қақабаев Шыңғыс төре мен Шормановтардың құдандалық қарым-қатынасын тарқата келе, ішіктің Шормановтар әулетінің отбасылық құндылығы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған ортақ игілігі болғанын айтады. Шыңғыс Уәлихановтың кіші қызы Тәжібай сол кездегі Баянауыл дуанының әйгілі биі Шорманның немересі Әмір-Темір Әужанұлына ұзатылғанда «бес жақсының» қатарындағы ішік қыз жасауына арнайы тігілген. Тәжібай келін болып босаға аттағаннан кейін үлпілдеген ұлпа тон Шормановтар әулетінің меншігіне өтеді. Өкінішке қарай, Тәжібай мезгілсіз қайтыс болып, Әмір-Темір Шыңғыс төренің үшінші ұлы Қозыкенің қызы Бәденге үйленеді. Бұдан кейінгі жылдарда аққу ішікті Бәден қызы Мақышқа, Мақыш өзінің қайынбикесі Фарихаға, уақыты келгенде Фариха қызы Ғафифаға тарту еткен. Музей қорында тұрған мамық тонның 140 жылға жуық тарихы бар. О баста қызыл барқытпен тысталған тон кейін қайта өңдеуден өтіп, сол заманның үлгісіне сай қондырма жең, қынама бел етіліп, сырты сарғыш бозжібек барқытқа ауыстырылады.
Тарихшылар қазақ салт-дәстүрлерін жетік білген, мұсылманша, орысша сауатты болған Шыңғыс Уәлихановтың киелі құсты атқызуы мүмкін еместігін, сол кезеңдерде казактар мен орыс келімсектерінің қазақ жерінде жасаған жәрмеңкесінде молынан сатылатын аққу мамығынан тон тіктіруі табулық нормамен (қазақтар аққудың, бүркіттің, үкінің қауырсыны мен тырнағын тұмар ретінде қолданады) қайшы келмейтіндіктен қадірлі қызына осылайша қымбат сый жасауы мүмкін екенін алға тартады.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Суретті түсірген
Нұрманбет ҚИЗАТОВ

Олимпиада-2026:14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30
Мұнай-газ өнеркәсібі – экономиканың елеулі саласы
Экономика • Бүгін, 09:25
Музей • Бүгін, 09:20
Әскер • Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55