Кентаулық Нұркамал әженің соңғы кезде аяғы бастырмай, балтыры сыздап ауырып жүрсе де жүрісі ширақ. Сөз саптауы да керемет. Ойланып барып әңгiме тиегiн ағытады. Айналасындағы шүпiрлеген немере-шөберелерiн айналып, толғанып, еркелетiп, солардың қолдарынан дәм татып отыр.
– Мен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында туып-өстiм. Жұбайымыз екеумiз сол жақта бас қостық. Бiр қызым сол Зайсанда тұрады. Өзiм кейiнгi кезде науқастанып қалғандықтан дәрiгерлер «климат ауыстыру қажет» деп кеңес бердi. Оңтүстiкке осылайша қоныс аудардық. Бұл жақ киелi мекен ғой, осында келiп ауруымнан құлан-таза айықтым, – дейдi Нұркамал әже.
Жақында Нұркамал Сәрсекеева әжей ғасырды артқа тастады. Ғасыр құрдасының айтуына қарағанда, бірде Шығыс Қазақстанға Жамбыл Жабаев қонаққа келіп, апамыздың орамал тағып, сәлемін салып, қазақшылықты ұмытпай көрсеткен қызметіне риза болып, батасын берген екен. Өзі де өлең-жырға құмар болған кейуана жоғары бiлiм алмағанымен кiтапты көп оқыған жан. Содан болар, парасат-пайымы жоғары.
– Өмiрiм талай қиындықтармен өттi. Ел басына төнген ашаршылықтың, соғыс жылдарының куәгерi болдым. Жолдасым Ұлы Отан соғысына қатысып, Польша жерiнде болған ұрыста қаза тапты. Райком хатшысы болатын. Майданға өзi сұранып, Ташкентте 15 күн дайындықтан өтiп, командир болып аттанған едi. Сол кеткеннен қайтып оралмады, – деп өткен күндердi сағынышпен еске алады әже.
«Немере-шөберенiң қанша екенiн бiлмеймiн, санап көргенiм жоқ, шатасып қаламын», дейдi. Әженiң үлкен қызының өзi бүгiнде 80 жасты алқымдап отырған ақ жаулықты ана.
Қайрат ЗАЙНИШЕВ
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Кентау қаласы

Олимпиада-2026:14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30
Мұнай-газ өнеркәсібі – экономиканың елеулі саласы
Экономика • Бүгін, 09:25
Музей • Бүгін, 09:20
Әскер • Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55