Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы билік тармақтарының өкілеттігін қайта бөлу туралы Үндеуі дер кезінде жариялануымен құнды және оны жоғары бағалауымыз керек. Сондай-ақ, бұл бастама Қазақстанның ертеңгі дамуына қатысты біздің ой-тұжырымдарымызды толықтыра түсетіні сөзсіз.
Президент Н.Назарбаевқа Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қоғамды игі іске ұйыстырып, экономиканы аяқтан тұрғызу оңайға түспеді. Қалай десек те, ол елдің еңсесін тіктей алды. Ендігі жерде Н.Назарбаев Қазақстан үшін жақын жылдары жүзеге асырылуы ықтимал үлкен саяси өзгеріс жасауға кірісіп кетпек. Яғни, Мемлекет басшысы қазіргі Президенттің кейбір өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беру жөнінде бастама көтеріп, оны қоғам талқысына салуда. Бұл − құптарлық іс. Президенттің басымдықтары стратегиялық маңызға ие әрі ол түрлі билік тармақтарындағы байланыста шынайы төреші институт болып табылады деп санаймын.
Бүгінгі таңда халықаралық қоғамдастық Қазақстанға Еуропа мен Азия арасын байланыстырушы дәнекер ел ретінде қарайды. Сондықтан да, Президент сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс саласын басты назарға ала отырып, осындай өзгеріс енгізуге ниетті. Демек, Президент Н.Назарбаевтың бұл Үндеуін данагөйлік дәлелі деп атауға толық негіз бар. Ол өзінің аса маңызды өкілеттігін бөлісіп, құзыретін табыстауда Қазақстандағы билік институттарының рөлін де қаперден шығармауда.
Осылайша, Қазақстан демократиялық даму жолымен жүріп келеді. Мен бұл елдің халқы мұндай реформаны құптайды деген сенімдемін.
Лорана ТАЙЕБА,
«Prestige Communication» тобының бас директоры (Франция)

Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды
Елорда • Кеше
Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Қоғам • Кеше
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Кеше
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Кеше
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Кеше
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше