Олимпиада • Бүгін, 21:15

Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан спортшысы Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Отандасымыз тұғырдан секіру нәтижесі бойынша 35-орынға жайғасты. Шаңғы жарысында спортшы дәл осы орыннан, көшбасшыдан 4 минут 6 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шықты.

Нәтижесінде Ракпаров 32-орында мәреге жетіп, жеңімпаздан 7 минут 57 секундқа артта қалды.

Норвегиялық Енс Лурос Офтебру екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Австриялық Йоханнес Лампартер екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті финляндиялық Илькка Херола түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар