Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойды.
Сондай-ақ «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.