«Шикізат секторына тәуелділікті азайту мақсатында біз бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған жаңа өндірістер құру бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында біздің алдымызға қойып отыр, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Мәселен, салынып жатқан шыны зауытына қазірдің өзінде қондырғылардың 90 пайыздан астамы жеткізілді. Биыл қазан айында оны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол өз кезегінде 300-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
«Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнында тәжірибелік-өндірістік зерттеулер аяқталды. 2016 жылы кәсіпорын метаванадат аммоний мен ванадий тотығын Тайвань мен Ресейге экспорттай бастады. Метаванадат аммонийдің сынама топтамасы АҚШ-қа да жіберілді. Енді басқа да елдер нарығына шығару жолдары қарастырылуда.
«Мұнан бөлек, 2016 жылдың қарашасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс жөніндегі үкіметаралық комиссияда британиялық компания қара тақтатасты автоклавты өңдеу бойынша осы аталған инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жобаның ІІ және ІІІ кезеңін 125 млн доллар көлемінде қаржыландыру туралы шешім қабылданды», – деді Қырымбек Көшербаев.
• 15 Ақпан, 2017
Қызылордада экспортқа бағытталған өндірістер құрылуда

Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 00:40
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады
Теннис • Кеше
Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды
Елорда • Кеше
Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Қоғам • Кеше
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Кеше
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Кеше
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Кеше