«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атауымен жаңа коллекциялық шорт-трекшілер құрметіне арналады. Коллекциялық монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Оның массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм. Дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, ал таралымы небәрі 2 000 дана. Монеталар Қазақстан теңге сарайында соғылған.
Сатылым 18 ақпан 2026 жылдан бастап Ұлттық банктің ресми интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады. Монетаның аверсінде шорт-трекшілер бейнесі бедерленген. Шорт-трек – конькимен жүгіру спортының олимпиадалық түрі, ол 1992 жылдан бері қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген.
Ғарыш айлағының мерейтойына арналған «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасы толықтай тантал металынан жасалған. Оның массасы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2000 теңге. Таралымы – 500 дана.

Бұл монетаның аверсінде ультракүлгін сәуледе көрінетін жасырын бейнелерді қолдану технологиясы пайдаланылған. Мұндай тәсіл коллекциялық құндылықты арттырып, қорғаныш элементтерін күшейтеді.
Ұлттық банк мәліметінше, аталған коллекциялық монеталар Қазақстан аумағында өзінің белгіленген құны бойынша төлемдердің барлық түрінде қабылданады. Сондай-ақ елдің барлық банктерінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жарамды.
Осылайша, спорт пен ғарыш тарихының маңызды белестері енді металл бетіне қашалып, нумизматтар мен коллекционерлерге ұсынылды.