15 Ақпан, 2017

ФРЖ төрайымының сөзінен кейін теңгенің бағамы түсті

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің таңғы сессиясының нәтижесі бойынша бір доллардың құны 321,45 теңге болды. Мұнайдың құны бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де кешегі көрсеткіштен 0,57 пайыз арзандап, 55,64 долларға теңесті. Естеріңізге сала кетейік, кеше Астана уақытымен кешкі сағат 20:00 шамасында АҚШ Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) төрайымы Джанет Йеллен АҚШ Конгресінде валюта саясаты мен экономикалық ахуал жайлы баяндама жасап, резерв жүйесінің ендігі отырысында доллардың базалық үстемақысының көтерілуі мүмкін екенін айтты. Осыдан кейін доллардың еуроға шаққандағы бағамы күрт көтеріліп, сонымен қатар мұнайдың құнын күрт көтергенімен, бүгін таңертең шикізат бағасы қайта қалпына келе бастады.
Соңғы жаңалықтар

Адам – капиталдың тірегі

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:10

Жаһандық үрдісті айқындайды

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:07

Жаңа дәуір мүмкіндігі

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:05

Жасанды интеллект – уақыт сұранысы

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00