Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Францияның «Пари Сен Жермен» командасы өз алаңында Испанияның «Барселонасын» қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Матч басталысымен алға ұмтылған париждіктер бірқатар қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бірақ есеп 18-минутта ғана ашылды. Айып добын орындаған Анхель Ди Мария қақпаны дәл көздеп, ұжымын алға шығарды. Осыдан кейін «Барселона» таразы басын теңестіретін мүмкіндігі болып еді. Бірақ қақпашы Кевин Траппен жеке шыққан Андре Гомеш айласын асыра алмады. Есесіне алаң иелері қарқынын арттырып, есептегі басымдықты арттыра түсті. 40-минутта командаға жақында ғана қосылған Юлиан Дракслер отандасы Марк-Андре Тер Штегенге екінші допты соқты.
Чемпиондар лигасының фавориті саналған каталондықтар бұл матчта жақсы ойын көрсете алмады. Қарымта шабуылдарға шыққанмен, бәрі сәтсіз аяқталып жатты. Ал Унаи Эмери шәкірттері керісінше, әр шабуылды нәтижелі аяқтауға тырысып бақты. Нәтижесінде, 55-минутта үшінші голдарын соғып үлгерді. Ди Мария қақпаның тоғыздығын дәл көздеп, бұл матчтағы дублін жасады. Ал 72-минутта Эдинсон Кавани соңғы голды соқты.
• 15 Ақпан, 2017
Чемпиондар лигасы. ПСЖ «Барселонаны» ірі есеппен жеңді (видео)

Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 00:40
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады
Теннис • Кеше
Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды
Елорда • Кеше
Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Қоғам • Кеше
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Кеше
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Кеше
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Кеше